عربي English
Вэб-сайт министерства
ПОСОЛЬСТВО ХАШИМИТСКОГО КОРОЛЕВСТВА ИОРДАНИИ

Иорданияға келушілерге арналған ұсынулар мен маңызды ақпараттар

Иорданияға келушілерге арналған ұсынулар мен маңызды ақпараттар

Негізгі ұсынулар

Иорданияға сапарыңызды барынша ыңғайлы ету үшін елдің кейбір қырларымен, мейлі ол жергілікті валюта, көлік, газет немесе жұмыс кестесі туралы ақпарат болсын, алдын ала таныс болғаныңыз абзал.


Төлем карталары

Қонақ үй, мейрамхана және ірі дүкендерде төлем карталарын пайдалануға болады. Оларға American Express, Visa, Diners Club және MasterCard сияқты төлем карталары кіреді. Назар аударыңыз, көптеген шағын дүкендер Иордания валютасымен қолма-қол ақша төлеуді қажет етеді, сонымен қатар жергілікті танымал базарларда сауда жасау үшін қолма-қол ақша төлеу қажет.


Тіл

Араб тілі - Иорданияның ресми тілі, ағылшын тіліне келетін болсақ, ол елде, әсіресе қалаларда кең таралған. Сондай-ақ кейде  француз, неміс, италиян және испан тілдерінде сөйлейтін иорданиялықтарды кездестіруіңіз мүмкін. Әдетте, бұл жиі саяхаттайтын немесе шетелде білім алған жандар.


Электр қуаты

Иорданияда 50 Гц жиіліктегі 220 вольтты айнымалы ток қолданылады. Ол үшін екі түйіспелі аша пайдаланылады.


Шоппинг

Иорданияның қай жерінде болсаңыз да, сауда жасауға көптеген мүмкіндіктер бар. Келушілер тауарларды танымал сайттар мен базарларда, сондай-ақ ірі қонақ үйлер мен туристік орындардың бутиктерінде кездесетін қолдан жасалған бұйымдар мен басқа да өнімдердің кең ассортименті арасынан таба алады. Туристер мұнда әртүрлі тоқылған кілемшелер мен жастықтарды, қолмен кестеленген және әдемі өрнектері бар киімдерді, сондай-ақ жартылай асыл тастармен көмкерілген дәстүрлі керамикалық бұйымдарды, шыны және күміс зергерлік бұйымдарды, дәстүрлі бедуин пышақтары мен қанжарларды, кофе шәйнектерін, кальяндарды, ағаш бұйымдарын, антиквариаттарды, түрлі дәмдеуіштер мен шөптерді және т.б. таба алады. Сізге, әсіресе ерекше және бірегей зат іздеген болсаңыз, Иорданияның ірі қалалары мен ауылдарындағы базарларды аралауға кеңес береміз. Базарларда орналасқан зергерлік дүкендерден (алтын және күміс)  қалаған әшекей немесе бұйымыңызды арнайы бағамен таба аласыз.


Жергілікті уақыт белдеуі

Қазаннан наурызға дейін: (GMT+2)

Сәуірден қыркүйекке дейін: (GMT+3)


Су

Иорданияда су тапшылығы мәселесі болғандықтан, келушілерге суды ұқыптылықпен пайдалану ұсынылады. Үш жұлдызды және одан жоғары рейтингі бар қонақ үйлерде суды сүзу жүйелері бар және суы ішуге қауіпсіз. Басқа орындарда қолжетімді бағамен сатылатын бөтелкедегі суды ішу ұсынылады.


Байланыс

Иорданиядағы телефон байланысы тиімді әрі сенімді. Телефон анықтамалықтары араб және ағылшын тілдерінде кеңінен таралған және халықаралық қоңырауларды қоғамдық немесе жеке телефондардан жасауға болады. Факс қызметтерін көптеген қонақ үйлерде таба аласыз. Интернетке қосылу да кеңінен қолжетімді.

Ұлттық телефон коды:

·         Петра (03)

·         Өлі теңіз (05)

·         Ирбид (02)

·         Джараш (02)

·         Эз-Зарка (05)

·         Эс-Салт (05)

·         Эт-Тафила (03)

·         Аджлун (02)

·         Ақаба (03)

·         Амман (06)

·         Эль-Карак (03)

·         Мадаба (05)

·         Маан (03)

·         Эль-Мафрак (02)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Валюта

Жергілікті валюта - Иорданиялық динар, ал оның ағылшын тіліндегі символы - JD, ол «Джей Ди» деп оқылады. Иордания динарының номиналды құны - 1, 5, 10, 20 және 50. Динар 100 пиастрға (немесе 1000 филге) бөлінеді. Филс ең көп қолданылатын мән болып табылады және бағалар әдетте келесідей жазылады: 4,750 (яғни 4 Динар және 750 филс).

Валютаны ірі банктерде, валюта айырбастау пункттерінде және көптеген қонақ үйлерде айырбастауға болады. Валюта бағамын Иорданияның Орталық Банкі күн сайын анықтайды.


Пошта қызметі

Пошта қызметтері пошта бөлімшелерінде, сондай-ақ 4 және 5 жұлдызды қонақүйлердің көпшілігінде қолжетімді.

Поштаның жұмыс уақыты:

Жаз: сенбі - бейсенбі: 7:00-ден 19:00-ге дейін, Жұма: 7:00-ден 13:00-ге дейін.

Қыс: сенбі - бейсенбі: 7:00-ден 17:00-ге дейін, Жұма: 7:00-ден 13:00-ге дейін.

Сондай ақ DHL, FedEx, TNT International, UPS және т.б. секілді бірқатар халықаралық пошта қызметтері де қолжетімді.


Иорданиядағы ресми мерекелер мен демалыс күндері

Мереке күндері банктер, кәсіпорындар, мемлекеттік органдар мен көптеген дүкендер жабылады.

Белгіленген күндердегі бекітілген демалыс және жұмыс істемейтін күндер:

* Жаңа жыл: 1 қаңтар

* Еңбек күні: 1 мамыр

* Тәуелсіздік күні: 25 мамыр

* Рождество: 25 желтоқсан

Сондай-ақ Пасха мен ислам мерекелерін қоса алғанда, бірқатар мерекелер мен жұмыс істемейтін күндер бар және олардың күндері тұрақты емес әрі хижраның ай күнтізбесіне байланысты өзгеріп отырады:

* Ораза айт: қасиетті Рамазан айының аяқталуын тойлауға арналған 3 немесе 4 күн

* Құрбан айт: қажылық айының аяқталуына арналған 4 күндік мереке

* Хижра бойынша жаңа жыл: Мұхаррам айының бірінші күні

* Мәуліт (Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күні): 12 рабиул-әууәл


Өлшем жүйесі

Иордания метрлік өлшем жүйесін пайдаланады.



Базовые рекомендации и важная информация перед поездкой в Иорданию

Базовые рекомендации

Чтобы ваш визит в Иорданию прошел с максимальным комфортом, вам следует заранее ознакомиться с некоторыми аспектами пребывания в Иордании, будь то информация о местной валюте, транспорте, газетах или графиках работы. 


Платежные карты

Платежные карты можно использовать в отелях, ресторанах и крупных магазинах, включая American Express, Visa, Diners Club и MasterCard. Обратите внимание, что многие небольшие магазины предпочитают оплату наличными в иорданской валюте, также оплата наличными необходима для покупок на местных популярных рынках.


Язык

Арабский язык является официальным языком Иордании, что касается английского языка, то он достаточно широко распространен в стране, особенно в городах. Более того, иногда вы можете встретить иорданцев, которые говорят на французском, немецком, итальянском и испанском языках. Как правило, это люди, которые часто путешествуют или получили зарубежное образование.


Электричество

В Иордании используется переменный ток напряжением 220 вольт с частотой 50ГЦ, для чего требуется двухконтактная розетка.


Шоппинг

Где бы вы ни находились в Иордании, вы найдете множество возможностей для шоппинга. Посетители могут приобрести товары среди широкого ассортимента изделий ручной работы и других продукций, которые можно найти на популярных сайтах и ​​рынках, а также в бутиках крупных отелей и туристических точках. Здесь посетитель найдет разнообразные тканые коврики и подушки, одежду с ручной вышивкой и красивыми узорами, а также традиционные керамические изделия, стеклянные и серебряные украшения, инкрустированные полудрагоценными камнями, традиционные бедуинские ножи и кинжалы, кофейники, кальяны, деревянные изделия, антиквариат, различные специи, травы и многое другое из бесконечного списка разнообразных товаров. Советуем вам найти время для посещения рынков крупных иорданских городов и поселков, особенно если вы ищете что-то необычное и уникальное. На рынках также есть ювелирные магазины (золото и серебро), где можно найти то, что вы хотите, по специальным ценам.


Местный часовой пояс

С октября по март: (GMT+2)

С апреля по сентябрь: (GMT+3)


Вода

Иордания страдает от нехватки водных ресурсов, поэтому посетителям рекомендуется бережно относиться к использованию воды. Отели с рейтингом от трех звезд и выше имеют собственные системы фильтрации воды, и их вода является безопасной для питья. В других местах рекомендуется пить бутилированную воду, которая доступна по разумным ценам.


Связь

Телефонная связь в Иордании эффективна и надежна. Телефонные справочники широко доступны на арабском и английском языках, международные звонки можно совершать с общественных и частных телефонов. Услуги факса доступны в большинстве отелей. Подключение к Интернету также широко доступно.

Национальный телефонный код:

·         Петра (03)

·         Мертвое море (05)

·         Ирбид (02)

·         Джараш (02)

·         Эз-Зарка (05)

·         Эс-Салт (05)

·         Эт-Тафила (03)

·         Аджлун (02)

·         Акаба (03)

·         Амман (06)

·         Эль-Карак (03)

·         Мадаба (05)

·         Маан (03)

·         Эль-Мафрак (02)

     Вади-Рам (03) 


Валюта

Местной валютой является иорданский динар, а его символ на английском языке — JD, что произносится как «Джей Ди». Номиналы банкнот иорданского динара - 1, 5, 10, 20 и 50. Динар делится на 100 пиастров (или 1000 филсов). Филсы являются наиболее часто используемым значением, и цены обычно пишутся следующим образом: 4,750 (т. е. 4 динара и 750 филсов).

Валюту можно обменять в крупных банках, пунктах обмена валюты и большинстве отелей. Курсы валют определяются ежедневно Центральным банком Иордании.


Почтовая служба

Почтовые услуги доступны в почтовых отделениях, а также в большинстве отелей с рейтингом 4 и 5 звезд.

Время работы почты:

Лето: с субботы по четверг: с 7:00 до 19:00, пятница: с 7:00 до 13:00.

Зима: с субботы по четверг: с 7:00 до 17:00, пятница: с 7:00 до 13:00.

Также доступен ряд международных почтовых служб, таких как DHL, FedEx, TNT International, UPS и другие.


Официальные праздничные и выходные дни в Иордании

Банки, предприятия, правительственные учреждения и многие магазины закрывают свои двери в праздничные дни.

Утвержденные выходные и нерабочие дни в фиксированные даты:

·         Новый год: 1 января

·         День труда: 1 мая

·         День независимости: 25 мая

·         Рождество: 25 декабря

Существует также ряд праздничных и нерабочих дней, включая Пасху и исламские праздники, даты которых не являются фиксированными и зависят от лунного календаря по хиджре:

·       Ид аль-Фитр: 3 или 4 дня, чтобы отпраздновать окончание священного месяца Рамадан

·           Ид аль-Адха : 4-дневный праздник, посвященный окончанию месяца Хадж

·           Новый год по хиджре: 1 Мухаррама

·       Маулид (день рождения Пророка Мухаммада, Мир Ему и благословение Аллаха): 12 Раби аль-авваля                                                                                                                                                                                                                                

Система мер в Иордании 

Иордания использует метрическую систему.