عربي English
Вэб-сайт министерства
ПОСОЛЬСТВО ХАШИМИТСКОГО КОРОЛЕВСТВА ИОРДАНИИ

Алғы сөз

Алғы сөз

Сіздерді Иордания Хашимиттік Корольдігінің Астана қаласындағы елшілігінің ресми сайтында қош көрдік. Бұл сайтта Корольдікті таныстыру және достас Қазақстан Республикасымен бауырластыққа негізделген екіжақты қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасалып жатқан елшілік қызметінің бір бөлігімен таныс боласыздар деген үміттемін.  Сондай-ақ сайт Иордания азаматтары мен келуші Казақстан және басқа да шет ел азаматтарына консулдық мәселелер бойынша сапалы электронды қызмет көрсетулер ұсынады деген сенімдемін.

        Мен елшіліктің Ұлы Хусейннің ұлы Ұлы Мәртебелі  Хашимит Королі II Абдулла мен оның тақ мұрагері Мәртебелі ханзада Хусейн бин Абдалла тілегіне сай Иордания азаматтарына қызмет көрсетуде өз міндетін барынша кәсібилік және қамқорлықпен орындап жатқанын атап айтқым келеді. 

      Сонымен қатар сайт Корольдіктегі туризмді дамытуға әрі студенттерді Иорданияның беделді университеттерінде білім алуға тартуға бағытталған.

     Иордания Хашимиттік Корольдігі жайлы туристік, мәдени және тарихи ақпаратпен қамтамасыз ету және сайтты дамытуға бағытталған белсенді жұмысымыз сіздің Иорданиямен таныстығыңызды жеңілдетеді әрі көңіліңізден шығады деген үміттеміз!

 

Ізгі тілекпен

  Хамза Махмуд Аль-Омари      

Иордания Хашимиттік Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі